Ұрылар банкті жерасты тоннелі арқылы тонап кеткен

Фотография - Ұрылар банкті жерасты тоннелі арқылы тонап кеткен

Берлинде банк тоналды. Volksbank-тің Берлиндегі бөлімшесіне ұрылар жер астынан тоннель қазып кірген

294 0

Берлинде банк тоналды. Volksbank-тің Берлиндегі бөлімшесіне ұрылар жер астынан тоннель қазып кірген деп хабарлайды KazBIN Sky телеарнасына сілтеме жасай отырып.


Тоннель дәлізі жерасты гаражынан басталып, банк клиенттері бағалы заттарын сақтайтын бөлмеден аяқталады. Қылмыскерлер банкке кіріп тоғанымен қоймай, із қалдырмас үшін сол бөлмені өртеп кеткен.

Ең қызығы, банк күзетшісі банктің тоналғанын депозитарий бөлмесінен шыққан түтіннен кейін ғана байқаған. Оқиға орнына жеткен полицейлерге ұрылардың жіті дайындығына таңданудан басқа жол қалмады. Мәселен, Берлин полициясының баспасөз хатшысы «Тоннель өте кәсіби деңгейде қазылған» деп мәлімдеген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!