Кубада «шығу визасы» жойылды

Фотография - Кубада «шығу визасы» жойылды

Кубада «шығу визасына» қатысты жаңа заң қабылданды. Яғни, кубалықтар ешқандай визасыз шетелге сапарға аттана алады

198 0

Кубада «шығу визасына» қатысты жаңа заң қабылданды. Яғни, кубалықтар ешқандай визасыз шетелге сапарға аттана алады. Әуелде жергілікті азаматтарға шығу визасына шамамен 300 АҚШ доллар төлеу керек еді. Ал бұл елдегі орта жалақыдан 15 есе артық екен.

1961 жылдан бері мыңдаған медицина қызметкері мүлдем шетелдерге сапарға шыға алмайтын, ал жоғары білімі бар мамандар арнайы органдардың рұқсатын алу керек еді. Енді кәмелеттік жасқа толған азаматтың қолында төлқұжаты болса, өзге елдерге еркін жол жүру мүмкіндігі бар. Тек атақты спортшыларға және мемлекеттік құпияны білетін тұлғаларға шектеу қойылған. Сонымен қатар, Куба билігі елге «кіру визасын» алу жолдарын да жеңілдетті.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!