Франция Малидегі операцияда әскерін көбейтпек

Фотография - Франция Малидегі операцияда әскерін көбейтпек

Франция президенті Франсуа Олланд қазір Малиде исламшыл көтерілісшілерге қарсы операцияларға 750 француз әскері қатысып жатқанын мәлімдеді

301 0


Франция президенті Франсуа Олланд қазір Малиде исламшыл көтерілісшілерге қарсы операцияларға 750 француз әскері қатысып жатқанын мәлімдеді.

Абу-Дабидеі француз әскери базасында сөйлеген Олланд исламшыл бүлікшілерге қарсы операциялардағы француз әскерінің саны артатынын, бірақ олар операцияларды африкалық елдер күштеріне "барынша жедел түрде тапсыратынын" айтты. Африка елдерінің біріккен күштері операцияларға кірісуіне "кем дегенде бір апта уақыт кетпек".

Олландтың сөзіне қарағанда, өткен түні исламшыл бүлікшілерге қарсы жасалған жаңа әуе шабуылдары "діттеген мақсатына жеткен".

Француз әскері өткен жұмадан бері Мали үкімет күштерінің өткен жылы сәуір айынан бері елдің солтүстігін бақылауына алған исламшыл бүлікшілерге қарсы шабуылдарына қолдау көрсетіп келеді. 

Дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі француздар басқарған әскери операцияларға қолдау білдірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!