Иран доллар мен еуродан бас тартпақ

Фотография - Иран доллар мен еуродан бас тартпақ

Иран өзінің экономикалық операцияларын жүргізгенде АҚШ доллары мен еуродан бас тартуды және сауда-саттықта жергілікті валютаны қолдануды жөн көріп отыр

241 0

Иран өзінің экономикалық операцияларын жүргізгенде АҚШ доллары мен еуродан бас тартуды және сауда-саттықта жергілікті валютаны қолдануды жөн көріп отыр. Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтының жазуынша бұл жайында IRNA агенттігі осы елдің экономика және қаржы министрі Шамседдин Хұсейннің мәлімдемесіне орай хабар таратқан .

Иранның экономика және қаржы министрі Шамседдин Хұсейннің мәлімдемесіне қарағанда, қазіргі таңда жеке компанияларға бұл жайында құлағдар етілген. Сондай-ақ, ол АҚШ пен Еуроодақ Иранға санкция салғандықтан ел билігінің осындай қадамға баруға мәжбүр болғандығын алға тартады. Қазіргі уақытта Иранның Орталық банкі өз валюта қорын алтынмен алмастырғанын айта кету керек.

Ал Иран валюта қорының баспасөз хатшысы Самед Кәрім дүйсенбіде мәлімдеме жасап, жергілікті валютаның арқасында тауар импортына қатысты сұраныстың артқанын алға тартты.

Еске салсақ, 2012 жылы АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы бірқатар қаржылай санкция салған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!