Сирияда университеттегі жарылыстардан 52 адам қаза тапты

Фотография - Сирияда университеттегі жарылыстардан 52 адам қаза тапты

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында университетте екі жарылыс болды.

129 0

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласында университетте екі жарылыс болды.

Жергілікті басшылық өкілдерінің мәлімдеуінше, жарылыстардан 52 адам қаза тауып, 160-тан аса адам жараланған. Үкімет осы жарылыстарды лаңкестер жасаған десе, көтерілісшілер бұны жоққа шығаруда. Әскери мамандардың айтуынша, университетке зымырандар атылып, жарылған. Бұл оқу орны үкімет әскері бақылап отырған ауданда орналасқан. Сирияның қаржылық әрі кәсіпкерлік орталығы саналатын Алеппо қаласы үшін шайқас бірнеше ай бойы жалғасқанымен, ешбір жақ бұл қаланы толық өз бақылауына ала алмай отыр. Бұған дейін үкіметтік әскер Алеппо қаласын әуеден бомбалап, зымырандармен атқылаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!