Көлікті қойып, пойыз ұрлайтындар пайда болды (фото)

Фотография - Көлікті қойып, пойыз ұрлайтындар пайда болды (фото)

Сәтін салғанда оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.

202 0

Швеция астанасы Стокгольм маңында жолаушылар поезды жолдан шығып, көпқабатты үйдің қабырғасына барып соғысты. Кейінірек анықталғандай, апатқа ұшыраған поезды 20 жастағы еден жуушы қыз ұрлап, тізгініне ие бола алмай қалған. Сәтін салғанда оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ.

Аталмыш жайт жергілікті уақытпен түнгі үштер шамасында орын алған. Бұл уақытта поезд соқтығысқан үй асханасында ешкім болмаған және қоғамдық көлік те жолаушылардан бос болыпты. Тек, осыншама алып техниканы айдап кеткен батыл қыздың халі мүшкіл. Ол қазір ауруханада.

«Үй тұрғындарының барлығы бұл сәтте қалың ұйқыда жатқан. Апат болған аймақтан адамдарды қауіпсіз жерге көшірдік» дейді жергілікті полиция өкілі Ульф Линдгрен.

Ал, поездға иелік ететін компания осынау оқиғаға байланысты жеке тексеру жұмыстарын жүргізбек. Алғашында компания басшылары көлікті ұрлаған жолсеріктердің бірі деп ойлаған. Тек, ауруханаға барғаннан кейін ғана оның өздеріндегі еден жуушы екендігіне көздерін жеткізіпті.

Құқық қорғаушылар апатты жылдамдықтың тым жоғары болғандығынан көріп отыр. Релсьтен шығып кеткен поезд алдынан шыққан қаншама бөгетті бұзып өтіп, 25 метр қашықтықтағы тұрғынүйге барып тірелген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!