Нью-Йоркте қару айналымын бақылау туралы заң талаптары күшейтілді

Фотография - Нью-Йоркте қару айналымын бақылау туралы заң талаптары күшейтілді

Барак Обаманың тапсырмасымен заң талаптарын күшейтумен айналысатын комиссия өз ұсыныстарын 16 қаңтарда жасайды

167 0

Сейсенбі, 15 қаңтарда Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо (Andrew Cuomo) қару айналымын бақылау туралы заңға қол қойды, деп Reuters-ке сілтеме жасай отырып Лента.Ру хабарлады.

Бұрын негізінен демократтардан құрылған штаттың заңнамалық органының төменгі палатасы және республикашылдардан тұратын жоғарғы палата заң жобасын мақұлдаған болатын.

Қару айналымын бақылау туралы заңның жаңа нұсқасы штат аумағында қаруға салынатын тыйым мерзімін ұзартады. Оқтізердегі оқ санына шектеу қояды және қару сатып алушыларды мұқият тексеруді талап етеді.

Бұл заң жаппай атыс оқиғасының қайталанбауы үшін қабылданып отыр. Еске сала кетсек, 14 желтоқсанда 20 жасар Адам Ланзаның Сэнди-Хук бастауыш мектебінде ұйымдастырған атыс салдарынан 20 бала мен алты ересек адам көз жұмды. Атыс жасаған адам өз-өзіне қол жұмсады, оның қылмыс жасауының себебі анықталуда.

Барак Обаманың тапсырмасымен заң талаптарын күшейтумен айналысатын комиссия өз ұсыныстарын 16 қаңтарда жасайды

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!