Малиде антитерористтік операция жалғасуда

Фотография - Малиде антитерористтік операция жалғасуда

Шиеленісті тоқтатуға БҰҰ мен батыс елдері кірісе бастады

271 0

Малиде француз әскерлерінің экстремизмге қарсы операциялары әлі де жалғасып жатыр.

Таяуда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша Францияның жүздеген әскері Малидің Диабали қаласына жіберілді. БАҚ өкілдері осы шаһарда жуырда радикалды ұйым ұсталғанын хабарлайды. Сондай-ақ, Британия мен Дания Африка еліне жүк тасымалдау мен әскер жеткізу үшін үш әскери ұшақ жіберді. Айта кетейік, Малиде Үкімет әскері мен «Әл-Каида» экстремистік ұйымы арасындағы қарулы-қақтығыс өткен жылдың көктемінен басталды. Исламшылдар ел тұрғындарын шариғат заңымен өмір сүруге шақырады. Шиеленісті тоқтатуға БҰҰ мен батыс елдері кірісе бастады. Олар Мали лаңкестік -қылмыстық ошаққа айналып кетеді деп қауіптенеді.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!