Дубай қоқыстан электр қуатын өндірмек

Фотография - Дубай қоқыстан электр қуатын өндірмек

Дубай қаласының әкімшілігі қоқыс аумағынан таралатын метан газын аулап, оны электр энергиясын өндіруге пайданалу жүйесін жасады.

234 0

Дубай қаласының әкімшілігі қоқыс аумағынан таралатын метан газын аулап, оны электр энергиясын өндіруге пайданалу жүйесін жасады. Таяу Шығыста қолға алынған ең алғашқы және ең үлкен бұл жүйе Әл-Кусейс қоқыс алаңында жүзеге асуда.

Дубай әкімшлігінің бас директоры Хусейн Луту: «Station 2020 деп аталатын жүйенің қуаты 20 мегаваттқа жетіп, алдағы 20 жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Өндірілген энергия көзі келешекте Дубайдың энергия желісіне жалғанып, сосын тұрғын үйлерге де тартылатын болады», - дейді.

Әл-Кусейс қоқыс алаңының құрылғанына 35 жылдан асқан. Оның жалпы аумағы 3,5 шаршы метрді қамтиды. Жаңа жоба ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін азайтып, «таза» электр энергиясын беруге жол ашпақ.

Келесі айда Station 2020 деп аталатын осы жүйе Экологиялық жағынан таза даму тетігінің (Clean Development Mechanism, CDM) негізінде жасалған жоба деген арнайы куәлікке қол жеткізбек.


Тегтер:

Дубай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!