Бішкекте шерушілерге оқ атуды Жаныш Бакиев бұйырған

Фотография - Бішкекте шерушілерге оқ атуды Жаныш Бакиев бұйырған

Бұл туралы Бішкекте өтіп жатқан сот отырысында жауап беріп жатқан Жаныш Бакиевтің сол тұстағы орынбасары Данияр Дұнғанов айтты

141 0

2010 жылы 7 сәуірде Бішкекте президент резиденциясына басып кіргендерге оқ ату туралы бұйрықты экс-президент Құрманбек Бакиевтің ағасы, сол кездегі мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болған Жаныш Бакиев берген деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бұл туралы Бішкекте өтіп жатқан сот отырысында жауап беріп жатқан Жаныш Бакиевтің сол тұстағы орынбасары Данияр Дұнғанов айтты.

7 сәуірдегі билікке қарсы шеруде халыққа оқ атылып, тоқсанға тарта адам қаза тапқан еді. Кейін бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушылар қатарында сол кезде биліктен кетірілген президент Құрманбек Бакиев пен оның туыстары, мемлекеттік маңызды орындарды басқарып тұрған адамдар, жиыны 21 адам бар.

Бакиев пен оның туыстары елден қашып кеткендіктер оларға сырттай сот жүріп жатыр. Бірақ олар түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында өздерін кінәлі деп санамайтындарын айтып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!