Лондонның орталығында тікұшақ апатқа ұшырады

Фотография - Лондонның орталығында тікұшақ апатқа ұшырады

Лондонның орталығында орналасқан «Воксхоол» ауданында «Augusta-109» маркалы тікұшақ апатқа ұшырады.

152 0

Лондонның орталығында орналасқан «Воксхоол» ауданында «Augusta-109» маркалы тікұшақ апатқа ұшырады. Тікұшақ құрылыс алаңында тұрған кранға соғылып, жерге құлап түскен. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, тікұшақ ішінде бір ұшқық болған.

Оқиға Лондондағы метро стансасы мен «Ватерлоо» вокзалына жақын маңда орын алған. Бұл ауданда тікұшақтарға арналған әуежай орналасқан екен.

Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ бірінші кранға соғылып, жерге құлаған кезінде екі автокөлікті зақымдаған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Sky News арнасы тікұшақ ішінде бір ғана ұшқық болғанын хабарлаған. Апат болған ауданда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

"Вести" басылымының хабарлауынша, қазір тікұшақ құлаған жерден адамдар қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр. Өйткені, апат арты өртке ұласқан. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, апат орнында 20-дан астам өрт машинасы жұмыс істеп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!