Тәжікстанда тағы да интернет шектелді

Фотография - Тәжікстанда тағы да интернет шектелді

Өткен айда Тәжікстанда жалпы саны 100-ден аса интернет сайтына тосқауыл қойылатыны жайлы хабарланды.

140 0

Тәжікстан байланыс қызметінің бұйрығы бойынша елдегі интернет провайдерлер мен мобильдік байланыс операторлары бірқатар сайттарға тосқауыл қойғаны белгілі болды. Шектеуге ұшырағандардың арасында Азаттық радиосының тәжік қызметінің сайты, Facebook әлеуметтік желісі де бар.

Өткен айда Тәжікстанда жалпы саны 100-ден аса интернет сайтына тосқауыл қойылатыны жайлы хабарланды.

Былтыр елде биліктің пәрменімен Би-би-си, Азаттық радиоларының, Facebook әлеуметтік желісінің, YouTube, сондай-ақ жергілікті бірқатар жеке меншік ақпарат құралдарының сайттарына тосқауыл қойылып, кейін алынып тасталды.

Тәжік билігі ол сайттардың "азаматтардың сұрауы бойынша жабылғанын" мәлімдеген еді.


Тегтер:

тәжікстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!