Алжирде 41 шетел азаматы тұтқынға түсті

Фотография - Алжирде 41 шетел азаматы тұтқынға түсті

АҚШ билігі Алжирдегі шетел азаматтарының тұтқынға түскенін ресми түрде растады

212 0

АҚШ билігі Алжирдегі шетел азаматтарының тұтқынға түскенін ресми түрде растады. Лаңкестердің қолына түскендер саны 41 адам екені белгілі болды.

Олардың жетеуі АҚШ азаматы болса, қалған 34 адамның ішінде Франция, Ұлыбритания және Жапония азаматтары бар. Ал атышулы «Аль-Каида» қылмыстық тобының талаптары күн санап өсіп келеді. Жақында ғана олар Малидегі шиеленіске Франция әскерінің араласқанына шамданып, оны тоқтатуды талап етсе, енді Алжир түрмелеріндегі жүздеген исламшыларды босатуды сұрап отыр. Алайда жергілікті билік лаңкестердің бұл шартына келіспейтіндіктерін айтты.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!