АҚШ-та биыл алғаш рет өлім жазасы орындалды

Фотография - АҚШ-та биыл алғаш рет өлім жазасы орындалды

АҚШ-та биылғы жыл басынан бері алғаш рет өлімі жазасы туралы сот үкімі орындалды.

295 0

АҚШ-та биылғы жыл басынан бері алғаш рет өлімі жазасы туралы сот үкімі орындалды. Сәрсенбі күні Вирджиния штатында өлім жазасына кесілген Роберт Глизон есімді адам "электр орындығы" арқылы ажал құшты.

Өмір бойы түрме жазасына кесілген 42 жастағы Роберт Глизон 2007 жылы өзімен бір камерада отырған 63 жастағы тұтқынды, ал 2009 жылы 26 жастағы тағы бір адамды буындырып өлтірген.

Сотқа рақымшылық туралы өтініш беруден бас тартқан Глизон өзіне тек өлім жазасы лайық екендігін мәлімдеген деп хабарлайды Франс-пресс агенттігі.

Адвокаттар оның балалық шағы ауыр болғанын, психикасында ауытқушылық барын, сондай-ақ есірткі мен алкогольді заттарға әуестігін алға тартып, Глизонның жазасын жеңілдетуге тырысып көргенімен, сот үкімді күшінде қалдырды.


Тегтер:

өлім жазасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!