Малайзия мұсылмандардың демалуына ең қолайлы елдер рейтингісінде көш бастады

Фотография - Малайзия мұсылмандардың демалуына ең қолайлы елдер рейтингісінде көш бастады

Малайзия – әлемдегі мұсылмандардың демалуына ең қолайлы ел.

233 0

Малайзия – әлемдегі мұсылмандардың демалуына ең қолайлы ел. Малай мемлекеті басқа туристік 50 елден оқ бойы озық тұр. Бұл туралы Сингапурдың саяхат жөніндегі халықаралық рейтінгілік компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды

Сауалнамаға қатысушылар өздері барған елдегі қауіпсіздік, халал тағамдармен қамтамасыз ету және құлшылық жасауға қолайлы жағдай жасау деңгейін пайызбойынша көрсеткен.

Халықаралық компанияның атқарушы директоры Фазал Баһардин: «Шетелдік туристер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Малайзияға барғаннамазхан адам осы елдің қай жерінде болса да құлшылығын қаза жібермей өтей алады екен. Мейлі сауда орталығында болсын, мейлі әуежайда болсын, мұсылман жолаушының ғибадат жасауына еш кедергі жоқ», – деді.

Екінші орынға Мысыр табан тіреген. Ал үшінші орынға Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия қатар жайғасқан. Сауд Арабиясы болса, төртінші орында тұр. Ал Сингапур алғашқы бестікке іліккен.

Фазал Баһардиннің айтуынша, әлемдегі мұсылмандар ең көп тұратын Индонезия осы елге қыдырып келетін мүміндерге жақсы жағдай жасай алмай отырғанын айтады. Фазал Баһардин: «Индонезия үшін басты мәселе – бұл елге келген мұсылман саяхатшысы халал тамақ таба алмай қиналады. Дегенмен, жергілікті тұрғындар үшін бұл бәлендей күрделі мәселе емес сияқты», - дейді. Ал мұсылмандар Сауд Арабиясына көп жағдайда қажылық өтеу үшін барады екен.

Мемлекеттерден басқа қалалар арасында да сараптама жүргізілген. Бұл тұрғыда Дубай Куала-Лумпурдың алдын орап кеткен. Одан кейінгі орындарда, Ыстамбұл, Жидда, Сингапур, Каир, Абу Даби, Нью-Дели, Лондон және Доһа қалалары орналасқан. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!