Еуроодақ елдері Малиге әскерлер жіберуі мүмкін

Фотография - Еуроодақ елдері Малиге әскерлер жіберуі мүмкін

Малиге әскерлер жіберуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

228 0

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Еуропалық одақ елдері исламшы-содырларға қарсы күрес бойынша операцияға қолдау білдіру үшін Малиге әскерлер жіберуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

«Еуропалық елдер тек логистикамен көмектесуге ғана емес, сондай-ақ солдаттарды ұсыну туралы шешім қабылдауы мүмкін. Дегенмен, біз оларды мұны істеуге мәжбүрлей алмаймыз, қауіпсіздік саясаты мен қорғаныс тұрғысында кейбір шектеулер бар», - деп атап өтті Л.Фабиус Малидегі жағдайға арналған ЕО Сыртқы істер министрліктері басшыларының кезектес тыс кездесуінің нәтижесі бойынша журналистерге берген сұхбатында.

Жоспар бойынша, ЕО Малидегі миссияны ағымдағы жылғы ақпан айының ортасында бастайды. Әңгіме Мали астанасы - Бамакоға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 15 ай мерзіміне 200-ге жуық әскери нұсқаушы мен әскери персоналды жіберу туралы болып отыр. Барлығы 500-ге жуық әскери аттандырылмақ. Бірақ EUTM өкілдері әскери қақтығыстарға қатыспайды.

Естеріңізге сала кетейік, Малидегі жағдай соңғы апталарда ушыға түсті. Елдің солтүстік аумақтарын басып алған экстремистік топтардың содырлары елдің орталық бөлігіндегі үкіметтік әскери жасақтарға шабуылдай бастады. Үкіметтік әскерлерге көмекке 10 қаңтар күні Малиге француздық әскерилер келді. Келесі күні Мали билігі елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізілетіндігі және жаппай мобилизация туралы жариялады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!