Алжирде кепілде отырған 30 адам өлтірілді

Фотография - Алжирде кепілде отырған 30 адам өлтірілді

Алжирде кепілдікте отырған 30 адам өлтірілді.

428 0

Алжирде кепілдікте отырған 30 адам өлтірілді. Қайғылы оқиға лаңкестер бекінген газ кен орнын билік тарапынан басып алу кезінде орын алған. Көз жұмғандардың қатарында кемінде жеті шетелдік азаматтың бары расталып отыр.

Кейінірек анықталғандай, әзірге екі Жапония және Ұлыбритания, бір Франция азаматының мәйіттері танылған. Қалған мәйіттер әлі сараптамадан өткізіліп жатыр.

Бүгінде кепілдіктен бір ирландиялық пен бес американдық азаматтардың босатылғандығы белгілі болды. Ал, Алжир елінің билігі болса кемі 11 лаңкестің көзін жойғандығын айтып отыр. Әзірге топ жетекшісі Мұхтар Беллмұхтардың өлімі расталған жоқ. Анықталғаны, лаңкестер арасында Египет, Тунис, Ливия, Мали елдерінің азаматтары болған.

Кепілдіктегілерді босату операциясы тек екі күннен кейін аяқталғанын айтып өту керек. Лаңкестердің қолында алдымен газ кенішінде жұмыс істейтін жүздеген адам кепілде болған. Олардың арасында 41 шетелдік азамат та бар еді. Операция нәтижесінде 600-ге жуық тұтқын босатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!