АҚШ Сомали үкіметін мойындады

Фотография - АҚШ Сомали үкіметін мойындады

Бұл туралы бейсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сомалидің жаңа президенті Хасан Шейх Мохамадпен болған кездесуден кейін мәлімдеді.

236 0

Америка билігі 1991 жылдан бері тұңғыш рет Сомали үкіметін ресми түрде мойындады, деп жазады Agence France-Presse. Бұл туралы бейсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сомалидің жаңа президенті Хасан Шейх Мохамадпен болған кездесуден кейін мәлімдеді.

Клинтонның айтуынша, Вашингтон АҚШ Сомали халқының арманын жүзеге асыруына көмектесу үшін ашық диалогқа қол жеткізуден үмітті.

AFP АҚ үйдің мәлімдемесіне сілтіме жасай отырып, Хасан Шейх Мохамадтың бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обамамен де кездескенін хабарлады.

Сомалиде елдің тұтас аумағына билік жүргізетін үкімет Мохаммед Сиад Баррдың диктаторлық режимі құлаған 1991 жылдан бері болған емес. Содан бергі 20 жыл ішінде елде азаматтық соғыс жүріп, бірнеше діни топтардың қақтығысы кесірінен мыңдаған жазықсыз адам көз жұмды.

Ал қазіргі президент Хасан Шейх Мохамад Сомалиге басшы болып 2012 жылдың қыркүйегінде сайланған еді.

Сомалидің қазіргі билігі елдің бар аумағын өз қарамағына алғысы келеді. Қыркүйек айында билік діни топтар қарамағынан көптеген елдімекендерді, оның ішінде ел астанасы Могадишоны да қайтарып алуға қол жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!