АҚШ Орталық Азияда жаңа әскери базалар ашуы мүмкін

Фотография - АҚШ Орталық Азияда жаңа әскери базалар ашуы мүмкін

Бұл жөнінде Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк Бішкекте өткен брифинг кезінде мәлімдеді

171 0

АҚШ Орталық Азияда жаңа әскери базалар ашуы мүмкін. Бұл жөнінде Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк Бішкекте өткен брифинг кезінде мәлімдеді.

«Орталық Азияда АҚШ-тың жаңа әскери нысандарын құру 2014 жылдан кейін Ауғанстанда қалатын әскерилердің санына байланысты. Қазір АҚШ пен Ауғанстан осы мәселені талқылауда. Бір келісімге келгеннен кейін бізге нақты қандай нысандар қажет екенін айта аламыз», – деді Блейк.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі «Манас» әуежайында Транзиттік тасымалдар орталығының жұмысында қолдау көрсеткені үшін Қырғызстан басшылығына алғысын білдіріп, болашақ ТТО жөнінде Қырғызстанмен арадағы келіссөздер жалғасатынын айтты.

Блейк «Манас» әуежайында әскери құраушысыз көліктік хаб құру туралы Қырғызстанның ұсынысына АҚШ түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Блейкпен кездесу барысында 2014 жылы ТТО-ға қатысты Қырғыз Республикасы мен АҚШ арасындағы келісімнің мерзімі аяқталатынын және содан кейін «Манас» әуежайында әскери құаушы болмауы тиіс екенін мәлімдеген болатын. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!