Ливияда Муаммар Каддафи ұлының соты басталды

Фотография - Ливияда Муаммар Каддафи ұлының соты басталды

Ливияның Зинтан қаласында экс-президент Муаммар Каддафидің екінші ұлы Саиф әл-Ислам Каддафидің үстінен сот басталды. Ливия прокуратурасының хабарлауынша, 39 жастағы Саид әл-Исламға "мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірді" деген айып тағылған

413 0


Ливияның Зинтан қаласында экс-президент Муаммар Каддафидің екінші ұлы Саиф әл-Ислам Каддафидің үстінен сот басталды. Ливия прокуратурасының хабарлауынша, 39 жастағы Саид әл-Исламға "мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірді" деген айып тағылған.

Халықаралық қылмыстық сот (Гаага соты) Саиф әл-Исламды "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деген айыппен өзі соттағысы келіп, оны сұратқан еді. Бірақ Ливия оған қарсы шығып, Каддафидің ұлын бермей қойған.

Сот Саиф әл-Исламның Халықаралық сот тағайындаған адвокат, автралиялық Мелинда Тейлормен өткен жылдың маусымында кездесуімен тікелей байланысты болып отыр. Себебі Мелинда Тейлор кездесуінде Саиф әл-Исламға "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін құжаттар берді" деген айып тағылып, үш апта қамауда болған еді.

Саиф әл-Ислам 2011 жылы қарашада тұтқындалған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!