Ұлыбритания Еуроодақтан шығуы мүмкін

Фотография - Ұлыбритания Еуроодақтан шығуы мүмкін

Егер Брюссель корольдіктің қауымдастыққа қатысу үлгісін өзгертпесе, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шығуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Амстердамда оқуы тиіс Дэвид Кэмеронның мәтінінде айтылған

301 0

Егер Брюссель корольдіктің қауымдастыққа қатысу үлгісін өзгертпесе, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шығуы мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Амстердамда оқуы тиіс Дэвид Кэмеронның мәтінінде айтылған, деп хабарлайды bnews.kz ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасай отырып.


Нидерланды астанасында британдық үкіметтің басшысы алдағы жылдары Ұлыбританияның Еуроодақпен қарым-қатынасы туралы сауалдарға нақты жауап береді деп күтілген еді. Бірақ, Алжирде адамдардың кепілге алынуына байланысты Кэмерон отырысқа қатыспай, Лондонда қалуына тура келді.

Әйтсе де, премьер британдық және еуропалық қоғамның қызығушылығын қанағаттандыруды жөн санады және бүгін оның басқаруындағы ведомствоның баспасөз қызметі Амстердамда оқылуы тиіс мәтінді жариялады.

Кэмеронның айтуынша, еуроаймақтың экономикалық дағдарысы, бәсекеге қабілеттіліктің жеткіліксіздігі мен Федеративтік Еуропа идеясына қоғам қолдауының төмендеуі қазір ЕО-ның басты проблемасы. «Егер осылай жалғаса берсе, онда еуропалық жоба құрдымға кетуі әбден мүмкін, – делінген мәтінде. – Проблемаларды шешуге ұмтылмау – британдықтардың қауымдастықтан шығуына алып келері айқын».

«Мен мұндай жағдайдың болғанын қаламаймын, – дейді ол. – Мен біріккен Еуропаға табыс тілеймін және ЕО аясында болуымыз үшін ұмтыламын».

Осылайша, премьердің пікірінше, «Ұлыбританя Еуроодақта қалуы үшін қауымдастықтың өзі өзгеруі тиіс». «Олай болмаған жағдайда өңірдің бәсекеге қабілеттілігі одан сайын төмендеп, экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құру бәсеңдейді», – деп ескертті ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!