Мәскеудің тағы бір азаматы әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады

Фотография - Мәскеудің тағы бір азаматы әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады

Мәскеуде өзінің әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеді деп күтіктелген ер адам ұсталды. Ол қылмысын мойындады

152 0

Мәскеуде өзінің әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеді деп күтіктелген ер адам ұсталды. Ол қылмысын мойындады.

«12 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің танысы полицияға арызбен келді.Алдын ала тексеріс барысында-ақ ізім-ғайым жоғалған әйелдің 51 жастағы күйеуі қылмысын мойындады. Ол 2 қаңтар күні, түнгі сағат екі шамасында Запорожская көшесіндегі өз үйінде, әйелін жақтырмау сезімдері болуы себепті оның желкесіне балғамен бірнеше рет соққы жасаған», - деп хабарлайды NEWSru.com.

Кейін әйелдің денесін жуыну бөлмесіне алып барып, қол ара мен пышақтың көмегімен мүрдені бөлшектеген. Одан әрі бөлшектелген мәйітті целофан пакеттеріне салып, Мәскеу облысының әртүрлі мекенжайлары бойынша тастап кеткен.

Еске салайық, қоғамда үлкен дүрбелең тудырған осыған ұқсас оқиға қаңтар айының басында Мәскеуде Кабановтар отбасында болды. Радиостансылардың бірінде жұмыс істеген үш баланың анасы Ирина Кабанова отбасылық жанжалдан кейін 3 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кетті.

Әйелінің жоғалғандығы туралы полицейлерге оның күйеуі - Алексей Кабанов хабарлады. 11 қаңтар күні Иринаның дене мүшелері Кабановтың таныс әйеліне тиесілі машинадан табылды. Осыдан кейін Кабанов қылмысты жасағандығын мойындады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!