Грузиндер Саакашвилидің «жаназасын» шығарды

Фотография - Грузиндер Саакашвилидің «жаназасын» шығарды

Грузияның Зугдуди қаласының тұрғындары ел президентіне деген қарсылықтарын ерекше білдіріп отыр. Олар тірі адамның жаназасын шығарып, бұл рәсімді бүкіл қала болып қолдады

261 0

Грузияның Зугдуди қаласының тұрғындары ел президентіне деген қарсылықтарын ерекше білдіріп отыр. Олар тірі адамның жаназасын шығарып, бұл рәсімді бүкіл қала болып қолдады.

Қолдарына бос табыт ұстаған көпшілік қаланың ірі көшелерін жүріп өтіп, Саакашвилидің тақтан кетуін талап еткен. «Оның халыққа жасаған қиянатында шек жоқ, сол үшін Саакашвили президент болуға лайықты емес» дейді бас көтерген тұрғындар.

Айта кетейік, бүгінде Грузияда мемлекет басшысына қарсы қол жинау науқаны жүргізіліп жатыр. Соңғы үш айдың ішінде оппозиция өкілдері миллионға жуығ тұрғынның қолын жинап үлгерген.

Михаил Саакашвили 2004 жылдан бері Грузияның президенті. «Раушан гүлдер» революциясының ұйымдастырушылардың бірі. Аталған көтерілістің салдарынан экс президент Эдуард Шевернадзе тақтан құлатылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!