Украинада екі ислам экстремисі ұсталды

Фотография - Украинада екі ислам экстремисі ұсталды

Украинаның Симферополь қаласында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының (ислам бостандығының партиясы) екі мүшесі ұсталды

226 0

Украинаның Симферополь қаласында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының (ислам бостандығының партиясы) екі мүшесі ұсталды, деп хабарлады РБК. Олардың екеуі де Өзбекстанның азаматтары.

Украина ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері хабарлағандай, ұсталғандар ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген. Мәлім болғандай, ұсталғандардың біреуі  «Хизб-ут-Тахрир» діни ұйымы көшбасшыларының құрамына кіреді. Аталмыш ұйым көптеген елдерде экстремистік деп танылған. Қолға түскен екінші адам ұйымның белсенді қатысушысы болып табылады.

2010 жылдан бастап олар Өзбекстанда «экстремистік ұйымды құрғаны» үшін іздеуде болды. Қазіргі уақытта Украинаның ІІМ-де оларды Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!