Ресей көшелерінде жаппай құлшылық етуге тыйым салынды

Фотография - Ресей көшелерінде жаппай құлшылық етуге тыйым салынды

РФ Әділет министрлігі қолға алған заң жобасы бойынша діндарлар діни рәсімдерді бұдан былай арнайы құлшылық орындарында, бейіт басында және әркім өз үйінде ғана орындай алады

247 0

РФ Әділет министрлігі қолға алған заң жобасы бойынша діндарлар діни рәсімдерді бұдан былай арнайы құлшылық орындарында, бейіт басында және әркім өз үйінде ғана орындай алады.

Өзге жағдайларда құлшылық ету үшін митингілер мен шерулерді өткізудің тәртібін сақтап, тиісті орындардан рұқсат алуыңыз керек. Жергілікті биліктің рұқсатынсыз мұсылмандардың атаулы күндерінде көшеге шығып, өзгелермен бірге ғибадат ете алмайсыз. Өйткені, жаңа заң бойынша тиісті орынның рұқсатынсыз көшеде жаппай құлшылық ету заңсыз шеруге шендестірілген.

muslim.kz сайтының жазуынша, Әділет министрлігі «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» федералды заңға өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Яғни, діни маңызы бар бұқаралық іс-шаралардың өтетін орны мен сипатына қарай заңға жария түрде өтетін діни рәсімдерге қатысты ұғым енгізілмек. Жария түрде өтетін діни рәсімдер ұғымына «үшінші тұлғаның қатысуына мүмкіндік берілген діни рәсімдер мен іс-шаралар, соның ішінде, құлшылық ету, діни маңызы бар басқосулар» деп анықтама берілген.

Құжатта арнайы рұқсат алуды қажет етпейтін құлшылық етудің және өзге діни рәсімдердің, соның ішінде, діни маңызы бар бұқаралық іс-шаралардың өтетін орындардың тізімі келтірілген. Бұл тізімге діни мақсатта пайдаланылатын ғимараттар мен діни ұйымдардың қарауындағы жекеменшік жер телімдері, қажылық орындары, бейіттер мен тұрғын үйлер кірген.

Белгіленген территориядан тыс аумақта жария түрде жүзеге асырылатын діни рәсімдерді өткізу үшін атқарушы биліктің немесе жергілікті өзін-өзі басқару мекемесінен митингілер мен шерулер өткізу туралы заңға сәйкес рұқсат алу керек.

УММА ақпарат агенттігі хабарлағандай, Ресейге келетіндерге құжат үшін шариғат талаптарына сай киініп суретке түсуге рұқсат етілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!