Испания Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресуге уәде берді

Фотография - Испания Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресуге уәде берді

Тергеу ісі Халық партиясының өкілі, бұрынғы қазынашы Луис Барсенастың швейцар банктерінде 25 млн доллардан астам қаржысы жатқанын анықтады

224 0

 Испания Президенті Мариано Рахой бұрынғы қазынашының швейцар шоттарында миллиондары бар екені анықталғаннан кейін сыбайлас жемқорлықпен күресуде қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Би-би-си».

Тергеу ісі Халық партиясының өкілі, бұрынғы қазынашы Луис Барсенастың швейцар банктерінде 25 млн доллардан астам қаржысы жатқанын анықтады.

Ал Барсенас қорғаушысы арқылы өзінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екен хабарлаған.

Бұл оқиға Үкімет мемлекеттік шығындарды қысқартып жатқанда Испанияда қызу пікір таласқа ұласты. Қазір елдегі жұмысшы күштердің 25%-ға жуығы жұмыссыз қалып отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!