Белгілі саясаткерге қастандық жасалды

Фотография - Белгілі саясаткерге қастандық жасалды

Болгарияда атақты саясаткер, «Құқық пен бостандық қозғалысы» партиясының көшбасшысы Ахмед Доганға белгісіз біреу қастандық жасады

176 0

Болгарияда атақты саясаткер, «Құқық пен бостандық қозғалысы» партиясының көшбасшысы Ахмед Доганға белгісіз біреу қастандық жасады.

София қаласында өткен партия съезінде сөз сөйлеген Ахмед Доганға қаруланған жігіт сахнаға жүгіріп шығып, тапаншасын саясаткерге кезеп, екі рет шүріппені басқан. Осыдан кейін съезд қатысушылары қандықол қарақшыны жаппай жабылып, тепкіге алды. Танымал саясаткер Доганның өзі аман-есен қалды. Біраз уақыттан кейін тыңдаушылардың алдына шығып, өзінің баяндамасын соңына дейін аяқтады. Ал 25 жасар айыпты  Бургас қаласының тұрғыны болып шықты. Оның бұл әрекетке баруына не  себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу барысында қылмыскер бұрын ұрлық пен есіртке сақтағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!