АҚШ-та жеткіншек оқ атып, екі ересек адам мен үш бала көз жұмды

Фотография - АҚШ-та жеткіншек оқ атып, екі ересек адам мен үш бала көз жұмды

Бұл туралы жексенбі күні Associated Press Берналийо округінің шериф басқармасына сілтеме жасап хабарлады

347 0

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Саут-Веллей қаласында бес адамды: бір ер адам мен бір әйел адамды және екі қыз бала мен бір ұл баланы – өлтірді деген күдікпен кәмелет жасына толмаған жігіт ұсталды. Бұл туралы жексенбі күні Associated Press Берналийо округінің шериф басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті билік қаза болғандардың күдіктімен туыстық байланысы бар-жоғын әзірге нақтыламай отыр. Сондай-ақ 15 жасар жеткіншектің қаза болғандарға қандай қатысы бары да белгісіз. Күдіктіге қазір екі адам өлтіру фактісі және соңы өлімге алып келген балаға қатаң күш көрсету бойынша үш жағдайға қатысты айып тағылып отыр, деп жазады Лента.Ру.

Құрбан болғандардың үйінен полиция қаншама қару-жарақ тапқан, олардың кімге тиесілі екені де әзірге анықталған жоқ. Оқиғаны тергеу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды КОВ телеарнасы.

Естеріңізге сала кетейік, бейбіт тұрғындарға қатысты қару қолдану жайының жиілеп кетуіне байланысты АҚШ президенті Барак Обама қару айналымына шектеу қою туралы тапсырма берген болатын. Атап айтқанда администрация басып алу қаруларына және бірнеше оқталатын сауыты бар қаруларға тыйым салмақшы. Сондай-ақ қаруды заңсыз сатқандарға қатысты жазаны күшейтіп, жалпы қару сатып алу үдерісін әлдеқайда күрделендіру жайы қарастырылуда.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!