Барак Обама ант қабылдады

Фотография - Барак Обама ант қабылдады

Обаманы ұлықтауға арналған кең көлемді шара бүгін - 21 қаңтарда Капитолий ғимаратында өтеді

165 0

 АҚШ президенті Барак Обама екінші мерзімге президент болып сайланғанына байланысты жексенбіде Ақ үйде шағындалған салтанатты жағдайда ант қабылдады. Құрама Штаттар конституциясына сәйкес, президент дәл осы 20 қаңтарда ант қабылдауы тиіс.

Обаманы ұлықтауға арналған кең көлемді шара бүгін - 21 қаңтарда Капитолий ғимаратында өтеді. Оған шамамен 800 мыңға тарта адам қатысады деген жоспар бар.

АҚШ президенті өзінің ұлықтау салтанаты қарсаңында америкалықтарды еріктілер жұмысына қатысуға шақыратын Ұлттық қызмет ету күніне арналған шараларға қатысты. Ол жұбайы Мишель Обама және екі қызымен бірге Вашингтон мектептерінің бірінде жөндеу жұмыстарын жасап жүрген еріктілерге қосылып, кітап сөрелерін сырласты.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!