Нигерия тұрғындары өзеннен 50 адамның денесін тапты

Фотография - Нигерия тұрғындары өзеннен 50 адамның денесін тапты

Өткен сенбіде Нигерияның Анамбра штатының тұрғындары Ока қаласын басып өтетін өзеннен белгісіз 50 денені тапқан.

93 0

Өткен сенбіде Нигерияның Анамбра штатының тұрғындары Ока қаласын басып өтетін өзеннен белгісіз 50 денені тапқан.

Денелерінде зорлықтың күшімен өлтірілген белгілер бар адам мүрделерін ең бірінші өзеннен су алуға келген Амансеа деревнясының тұрғындары байқаған. Анамбра мен оған көршілес жатқан Энугу штатының полициясы осы жайт бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Әзірге өлген адамдардың кім екенін және қандай жағдайда қаза тапқанын анықтаған жоқ.

Комиссар Мусса Даура кейінгі уақыттарда полицияға қандайда бір аумақта төтенше оқиға орын алғаны туралы хабар түспегенін айтты. Суық хабар ел ішін дүрліктіріп жіберді. Оның үстіне адам денелері табылған өзен аумақ халқының жалғыз ауызсу көзі көрінеді. Тұрғындар өзен зарарлануы мүмкін деп қауіптенеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!