Иранда екі адамға өлім жазасы орындалды

Фотография - Иранда екі адамға өлім жазасы орындалды

Иранда адамға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін екі адамға өлім жазасы орындалды

341 0

Иранда адамға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін екі адамға өлім жазасы орындалды. Қылмыс жасаған 24 жастағы екі ер адамды Тегеранда көпшіліктің көзінше дарға асып өлтірді.

Олардың шабуыл жасағаны туралы видео Youtube сайтына ілінген еді. Видеода бетперде киіп, пышақ ұстаған төрт адам бір адамға шабуыл жасайды.

Қылмыс жасағандарға "құдайға қарсы соғыс жүргізді" деген айып тағылған еді. Ислам заңдарын басшылыққа алатын Иранда бұл айып бойынша өлім жазасы кесіледі.

Қымыскерлерге үкім өткен жылдың желтоқсанында интернетте жарияланған видеодан соң шығарылған еді. Қалған екі адам осы қылмысқа қатысы бар деп танылып, бірі 10 жылға сотталды, ал біріне 74 рет дүре соғылды.


Тегтер:

өлім жазасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!