Иордания сириялық босқындар үшін шекараны жабатынын мәлімдеді

Фотография - Иордания сириялық босқындар үшін шекараны жабатынын мәлімдеді

Сириямен арадағы шекараны жабуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

102 0

Иорданияның премьер-министрі Абдулла Энсур бейсенбіде Башар Асад режимі күйреген жағдайда сириялық босқындардың жаппай қоныс аударуының немесе зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында ел қауіпсіздігі үшін Сириямен арадағы шекараны жабуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Иордания билігі «Башар Асадтың режимі құлайтын болса, Сириядан бас сауғалап қашқан босқындардың астында қаламыз ба», деп қауіптеніп отыр.

Алайда, иорданиялық премьер сириялық режимнің күйрейтінін қаншалықты мүмкін екендігін айтпады. Иорданияның Дамаскімен хабар алмаспағанына бірнеше аптаның жүзі болғанын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!