Ресей Сириядан азаматтарын эвакуациялай бастады

Фотография - Ресей Сириядан азаматтарын эвакуациялай бастады

Ресей Сирияға өз азаматтарын эвакуациялау үшін екі ұшақ жібереді.

149 0

Ресей Сирияға өз азаматтарын эвакуациялау үшін екі ұшақ жібереді. Ресей төтенше жағдайлар мниистрлігінің ақпараты бойынша, ұшақтар бүгін 100-ге тарта ресейлікті үйлеріне алып қайту үшін Ливан астанасына ұшып шықпақ.

Сирияда халық толқулары басталып, ол азаматтық соғысқа ұласқан 2011 жылғы наурыздан бері Мәскеу Башар асад режимінің басты одақтасы болып келеді. Мәскеу азаматтарын Араб лигасының басшысы Набиль әл-Араби БҰҰ-ның Сирия бойынша уәкілі Лахдар Брахимидің азаматтық соғысты тоқтату туралы келісім жасай алмағанын мәлімдеген соң эвакуациялай бастаған.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, Сирияда қақтығыс басталған 22 айда 60 мыңнан астам мерт болған.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!