Пәкістан тәліптердің бәрін қамаудан босатады

Фотография - Пәкістан тәліптердің бәрін қамаудан босатады

Пәкістан қамаудағы «Тәліптер» қозғалысының барлық мүшелерін түрмеден босатып, еркіне жіберетін болды.

152 0

Пәкістан қамаудағы «Тәліптер» қозғалысының барлық мүшелерін түрмеден босатып, еркіне жіберетін болды. Олардың ішінде қозғалыстың бұрынғы көсемі де бар. Пәкістан Ауғанстандағы ұлттың ұйысуы үшін осындай қадамға барып отыр.


«Қалған тұтқындар да босатылатын болады», – деді қазіргі уақытта Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде ресми іссапармен жүрген Пәкістан СІМ арнайы өкілі Жәлел Жилани.

«Тәліптер жетекшісі Молда Омардың бұрынғы орынбасары Молда Барадар да бостандыққа шыға ма?» деген сауалға СІМ өкілі: «Біздің мақсат – бірін қалдырмай босату», – деп жауап берді. Пәкістан Ауғанстанның өтінішімен қамаудағы тәліптерді өткен жылдың қараша айынан босата бастаған болатын. Себебі, ауған билігі бостандыққа шыққан тәліптер ұлтты ұйыстырып, татулыққа бастайтын бейбіт келісімге келісер деген үмітте.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!