Израильде сайлау басталады

Фотография - Израильде сайлау басталады

Израильде 22 қаңтарда парламент сайлауы басталды. Соңғы сауалнама нәтижелеріне қарағанда, қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың партиясы тағы да жеңіске жетуі мүмкін. Дегенмен, басқарушы коалиция құрамында айтарлықтай өзгеріс болады деген де болжам жасалып отыр

109 0

Израильде 22 қаңтарда парламент сайлауы басталды. Соңғы сауалнама нәтижелеріне қарағанда, қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың партиясы тағы да жеңіске жетуі мүмкін. Дегенмен, басқарушы коалиция құрамында айтарлықтай өзгеріс болады деген де болжам жасалып отыр.

Бұл сайлаудағы күтпеген жайт - израиль саясатының "рок жұлдызы" деген атқа ие болған Нафтали Беннет басқаратын әсіре ұлтшыл "Еврей үйі" партиясының сайлауға қатысуы. Беннет пен оның жақтастары негізінен жастар мен бұрынғы СССР-дан шыққандардың қолдауына сүйеніп отыр.  

Беннет пен оның партиясының билікке келуі палестиналықтармен қарым-қатынасты жақсарту процесіне кедергі келтіруі мүмкін. Сайлау алды үгіт-насихат кезінде израильдіктер оның "Израиль аумағында Палестина мемлекетін құруға жол бермеймін" деген сөзін қызу қолдаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!