Индонезияда жер сілкінді

Фотография - Индонезияда жер сілкінді

Сейсенбі күні таңертеңгісін Суматра аралының сотүстік-батыс жағалауында дүмпуі 6,0 баллға жететін зілзала болды. «Зілзаланың кесірінен Пиди аумағында сегіз жастағы қыз қаза тапты», - деді жергілікті құтқару қызметінің өкілі

315 0

Сейсенбі күні таңертеңгісін Суматра аралының сотүстік-батыс жағалауында дүмпуі 6,0 баллға жететін зілзала болды. «Зілзаланың кесірінен Пиди аумағында сегіз жастағы қыз қаза тапты», - деді жергілікті құтқару қызметінің өкілі.

"Қаза тапқан қыздан бөлек жеті адам жарақат алған" деп хабарлады Франс Пресс агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Индонезияның батысында орналасқан Ачех провинциясының орталығы – Банда-Ачех қаласының оңтүстік-батысында, 15 шақырым қашықтықта тіркелген. Зілзала ошағы Үнді мұхитының астындағы 84 шақырым тереңдікте байқалған. Дүмпудің әсері Банда-Ачех қаласынан өзге әлемде көлемі жағынан алтыншы орыннан табылатын аралдың тұтас солтүстік-батыс аймағында сезілген.

Индонезия — әлемдегі сейсмикалық қаупі жоғары аймақ. 2004 жылы Суматраның солтүстік-батыс жағалауында соңғы 40 жылдың ішінде болып көрмеген жер сілкінісі тіркелген еді. Зілзаладан пайда болған цунами Үнді мұхитының 12 елінен жүз мыңдаған адамның өмірін жалмаған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!