Индонезияда есірткіні заңсыз тасымалдаған британ әйелі өлім жазасына кесілді

Фотография - Индонезияда есірткіні заңсыз тасымалдаған британ әйелі өлім жазасына кесілді

Индонезияда Линдсэй Сэндифорд есімді 56 жастағы британ әйелі есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесілді

280 0

Индонезияда Линдсэй Сэндифорд есімді 56 жастағы британ әйелі есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесілді,

деп хабар таратты BBC News. Өткен жылдың мамыр айында Балидегі кедендік тексеру кезінде полиция Линдсэй Сэндифордтың жол сөмкесінен 4,8 келі кокаин тапқан болатын.

Линдсэй Сэндифордтың айтуынша, есірткіні тасымалдауға біреулер мәжбүрлеген. Прокуратура оны 15 жылға абақтыға жабуды сұрағанымен сот жазаны жеңілдететін себептің жоқтығын алға тартты.

Muslim.kz жазуынша, оның үстіне, әйел де қолымен жасағанын мойнымен көтеруге белді бекем буып отыр. Соттың айтуынша, қылмыскер турситік орталыққа айналған Балидің имиджіне нұқсан келтіріп, есірткіге қарсы күрес бағдарламасын қаперіне алмаған.

Британ әйелі Бангкоктан ұшқан кезде қолға түскен. Есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысқан үш британдықтың бірі болуы да мүмкін. Олардың екеуі де қазіргі уақытта түрмеде отыр. Пол Билз - есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылса, Рейчел Дугалл қылмысты жасырғаны үшін бір жыл бойы азаттықтың ауасымен еркін тыныстай алмайды. Осы топтың мүшесі - Джулиана Пондераның ісі әлі қаралып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!