Израиль сайлауында "Ликуд" партиясы алда келеді

Фотография - Израиль сайлауында "Ликуд" партиясы алда келеді

Израильде кеше өткен парламент сайлауында премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың партиясы алда келеді. Партия қазірге дейін парламенттен 31 орын алып үлгерді

144 0

Израильде кеше өткен парламент сайлауында премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың партиясы алда келеді. Партия қазірге дейін парламенттен 31 орын алып үлгерді.

Дауыс беру басталғанға дейін сарапшылар парламенттегі ең ірі фракциялар "Ликуд" және бұрынғы сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның ұлтшыл "Израиль біздің үйіміз" партиясы болады деп болжаған еді. Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы Нафтали Беннеттің "Еврей үйі" партиясы да парламенттегі үшінші партияға айналады деген болжам бар.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау учаскелері жабылғанға дейін  сайлаушылардың 63 пайызы дауыс берген. Сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі бүгін кештеу жарияланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!