Мәскеуде гей белсенділерге шабуыл жасалды

Фотография - Мәскеуде гей белсенділерге шабуыл жасалды

Ондаған гей белсенділер Мәскеуге жиналып, бір-бірін сүю арқылы заңға қарсылығын білдірген еді.

231 0

Мәскеуде парламент үйінің алдында гей белсенділері мен гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заңды қолдайтындар арасында төбелес болды.

Ондаған гей белсенділер Мәскеуге жиналып, бір-бірін сүю арқылы заңға қарсылығын білдірген еді.

Наразылық акциясы кезінде белсенділерге белгісіз бір топ жас шабуыл жасап, олардың плакаттарын тартып алды.

Мемлекеттік дума кәмелеттік жасқа толмағандарға гейлер ұйымдары туралы ақпарат бергендерге 16 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салу туралы федералдық заң жобасын қарауы тиіс.

Санкт-петербург және тағы бірнеше қалада мұндай құжаттарды әлдеқашан қабылданған еді.

Депутаттар мен шенеуніктер, Орыс правосливие шіркеуі "гомосексуализм дәстүрлі Ресей құндылықтарына қайшы" деп, заң жобасына қолдау білдірген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!