McDonald's мұсылмандарға айыппұл төлейді

Фотография - McDonald's мұсылмандарға айыппұл төлейді

McDonald's желісі американдық Дирборн қаласының мұсылмандарына 700 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге келісті.

180 0

McDonald's желісі американдық Дирборн қаласының мұсылмандарына 700 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге келісті. Басты себеп – дәмханалар желісінде сатылып келген тауық етінен жасалған сэндвичтердің халал еместігінде.

McDonald's өз жарнамаларында аталған сэндвичтердің халал жолмен жасалғандығын айтқан көрінеді. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс мәлімдеп отыр.

Компания үстінен арызды 2011 жылы Дирборн қаласының Ахмед Ахмед есімді тұрғыны жазыпты. Өз шағымында ол дәмханалар желісі жарнамада көрсеткендей тағамдарды халал етіп әзірлемейді деген. Ал, Ахмедтің қорғаушысы болса McDonald's сатушылары халал сэндвич таусылып қалған жағдайда қарапайым өнімдерді сата бергендігін айтып отыр.

Бүгінде АҚШ-та халал тағам сатумен айналысатын екі ғана McDonald's дәмханасы бар. Олардың екеуі де осы Дирборн қаласында орналасқан. Мұнда қазір 150 мыңдай мұсылман өмір сүреді. Айыппұл ақшасын барлық мұсылмандарға бөліп беру мүмкін болмағандықтан қаражат Дейтройт ауруханасы мен мұсылмандардың мәдени орталығына аударылатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!