Иракта жойқын жарылыстан 17 адам қаза тапты

Фотография - Иракта жойқын жарылыстан 17 адам қаза тапты

Ирак астанасы Бағдатта бірден 3 жойқын жарылыс тіркелді

199 0

Ирак астанасы Бағдатта бірден 3 жойқын жарылыс тіркелді. Лаңкестік әрекет салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тағы 50 шақты тұрғын жараланған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, бірінші дүмпу шиіттердің Шула ауданында жаңғырды. Жарылғыш зат орнатылған көлік халықтың көптеп жиналған сауда дүкендері орналасқан жерде көкке ұшқан. Жойқын жарылыс салдарынан бірнеше көлік қирап, адамдардың денелері жан-жаққа ұшқан. Сонымен қатар, Тадж қаласында көлікке мінген жанкешті әскери бөлімнің алдында жарылғыш затты іске қосыпты. Ал үшінші жарылыс Махмудия қаласында тіркелді. Айта кетейік, өткен аптада ғана лаңкестік әрекет салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапқан еді. Жергілікті билік «бұл сунниттер мен шиітер арасындағы келіспеушілік салдарынан болып отыр» дейді.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!