39 миллион адам жұмыстан күдерін үзген

Фотография - 39 миллион адам жұмыстан күдерін үзген

Әлемде жұмыссыз жүргендер саны бұдан былай да өсе береді деп күтілуде.

317 0

Кеше БҰҰ Халықаралық еңбекті ұйымдастыру (ХЕҰ)бойынша жасаған баяндамасына сәйкес дүниежүзінде жұмыссыздар саны 2012 жылы 4 млн-ға артып, 197 миллионға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемде жұмыссыз жүргендер саны бұдан былай да өсе береді деп күтілуде. ХЕҰ болжауынша, 2013 жылы жұмыссыздар саны 5,1 миллионға, ал 2014 жылы тағы 3 млн-ға артпақ. Баяндамада дүниежүзі халқының ішіндегі ең қорғансыз топ: 13 пайызға жуығы жұмыс таба алмай жүрген 24 жастан төмен жастағы қыздар мен жігіттер деп көрсетілген.

Сараптама авторларының пікірінше, аталмыш мәселенің басты себебі - жаһандағы экономиканың баяу өсуі. Әсіресе дамыған елдердегі экономика. Мәселен, Еуропа жұмыссыздарының үштен бір бөлігі бір жылдан астам уақыт жұмыс таба алмай сандалып жүр.

Баяндамада айтылғандай, көртеген жұмыссыздар лайықты жұмыс табудан күдерін үзген. 39 млн адам жұмысқа орналастыру мекемелеріне тапсырған өтініштерін қайтарып алған.

«Бұл өскелең ұрпақтың жігері мен талабына балта шабу, небір талантты қызметкерлерден айырылу. Бұл қоғамға да, өзімізге де зиян», - деп мәлімдеді ХЕҰ бас директоры Гай Райдер.

Зерттеу жүргізгендердің айтуынша, Еуропада жұмыссыз жүрген жастардың ең төменгі көрсеткіші Германия, Австрия және Швейцарияда екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!