Иорданияда парламенттік сайлау басталды

Фотография - Иорданияда парламенттік сайлау басталды

 Сайлау бөлімшелері таңнан кешкі сағат 19:00-ге дейін ашық жұмыс істейтін болады

190 0

Иорданияда парламенттік сайлау басталды. Сайлау бөлімшелері таңнан кешкі сағат 19:00-ге дейін ашық жұмыс істейтін болады.

Саяси додада «Мұсылман бауырлар», коммунистер, ұлтшылдар сынды өзге төрт партия бағын сынайды. Тәуелсіз сайлау комиссиясы науқанға 1 425 үміткер тіркелгендігін айтты. Мемлекет басшысы Абдолла II былтыр қазан айында халықтың наразылық шараларынан кейін заң қабылдаушы жиналысты таратып жіберген. Жергілікті тұрғындар «елде бірқатар саяси реформалар жүргізуді» талап еткен болатын. Осылайша, парламентке қосымша өкілеттілік берілді. Енді жаңа премьер-министрді парламент тағайындауы тиіс. Айта кету керек, Иорданияда екі палаталы парламенттік жүйе Ұлттар кеңесі бар. Төменгі палатада 150 депутат жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ал жоғарғы палатадағы 60 депутатты патша тағайындайды екен.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!