АҚШ-та білім ордасында тағы атыс болды

Фотография - АҚШ-та білім ордасында тағы атыс болды

Куәгерлердің айтуынша, жастар тапа-тал түсте аудиториялардың бірінде біріне-бірі тапанша ала жүгірген

179 0

АҚШ-та тағы атыс. Елдің Техас штатындағы Контро қаласында «Лон Стар» колледжінде екі студент ұрысып, келіспеушілік атысқа ұласып, 3 адам жараланған.

Куәгерлердің айтуынша, жастар тапа-тал түсте аудиториялардың бірінде біріне-бірі тапанша ала жүгірген. Жалпы, тоғыз оқ атылыпты. Зардап шеккендер атыс ұйымдастырған студент және екі топтасы болып шықты. Сонымен қатар, оқыс оқиғаны өз көзімен көргендердің бірінің жүрегі қысылып, талып түскен. Дәргерлер «зардап шеккендердің халі мүшкіл» деп бағалады. Қазір білім ордасы қоршауға алынып, оқушылар таратылды. Ал, қылмыскер студенттің бірі қашып кетіпті. Тергеу амалдары басталды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!