Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуроодақтан «кетпеуін» өтінді

Фотография - Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуроодақтан «кетпеуін» өтінді

Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбртания «Еуроодақтың маңызды әрі белсенді мүшесі болып қала беруін» қалайды

147 0

Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбртания «Еуроодақтың маңызды әрі белсенді мүшесі болып қала беруін» қалайды, деп жазады ВВС Орыс қызметі.

«Біз британ тарапымен оларды мазалап жүрген кез келген сұрақты талқылауға дайынбыз, алайда ондай күрделі сұрақтар басқа да елдердің көкейінде жүргенін естен шығармаған жөн, сондықтан әр мәселені бірігіп шешкен абзал», - деп атап өтті Меркель.

Бұған дейін Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон елде ЕО-ға мүшелік туралы мәселе төңірегінде референдум өткізуді ұсынуға мүдделі екенін жеткізген болатын.

Британ премьері атап өткендей, оның мұндай шешімге келуіне еуроаумақта қажетті реформалардың жоқтығы себеп болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!