Әзербайжанда мыңдаған адам наразылық танытты

Фотография - Әзербайжанда мыңдаған адам наразылық танытты

23 қаңтар күні кешкісін билік қалаға қосымша полиция кіргізді

307 0

Әзербайжан астанасы Бакуден 150 шақырым жердегі Исмаилия қаласында мыңдаған тұрғын наразылық танытып, ғимараттарды, әкімшілік ғимараттары мен қымбат көліктерді, қонақ үйді өртеді.

23 қаңтар күні кешкісін билік қалаға қосымша полиция кіргізді. Наразылық танытушылар қала басшысы Низами Алекберовтің отставкаға кетуін талап еткен.

Наразылыққа "Чираг" қонақ үйі қожайынының қатысы бар көлік апаты түрткі болған. Билік бұған дейін жергілікті тұрғындардың жезөкшелер ортасына айналды деп, қонақүйді жабу туралы талаптарына құлақ аспай келген еді.

Наразылық шеруінде қонақүй мен қала әкімшілігі өрттен кәдімгідей бүлініп қалған. Зардап шеккендер мен тұтқынға алынғандар туралы дерек жоқ.

Әзербайжанда бір аптада осымен екінші рет наразылық шарасы болып отыр. 19 қаңтарда жалға алу құнының қымбаттағанына наразылық танытқан елдегі ең үлкен сауда орталығының сатушылары жолды жауып тастап, полициямен қақтығысқан еді.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!