Ирак мешітінде болған жарылыс салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты

Фотография - Ирак мешітінде болған жарылыс салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты

Соңғы мәліметтерге қарағанда, жойқын жарылыс 42 адамның өмірін жалмады, кем дегенде 75 тұрғын жарақаттар алды.

125 0

Кеше Ирактың солтүстік-шығысында орналасқан Туз-Хурматли қаласында жанкешті-лаңкес адамдар намыз оқып жатқан кезде шиит мешітінің ортасында өзін-өзі жарып жіберді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жойқын жарылыс 42 адамның өмірін жалмады, кем дегенде 75 тұрғын жарақаттар алды.

Зардап шеккендердің арасында жергілікті шенеуніктер мен тайпалардың басшылары бар. Билік өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, сол күні адамдар мешітке содырлар өлтірген жергілікті саясаткердің туысын еске алу үшін жиналған.

Әзірге ешбір топ лаңкестікті мойнына алған жоқ. Полиция жарылысты ұйымдастыруда суннит содырларын күдікті ретінде қарастыруда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!