Солтүстік Корея ядролық қару сынамақ

Фотография - Солтүстік Корея ядролық қару сынамақ

Солтүстік Корея алда зымырандарды көптеп ұшырып, ядролық қаруды сынақтан өткізетінін хабарлады

580 0

Солтүстік Корея алда зымырандарды көптеп ұшырып, ядролық қаруды сынақтан өткізетінін хабарлады.

Мемлекеттік KCNA агенттігінің хабарлауынша, елдің ұлттық қорғаныс комитеті "зымырандар ұшыру мен ядролық қару сынау елдің басты жауы - АҚШ-қа қарсы бағытталатынын" мәлімдеген.

Кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның өткен жылдың желтоқсанында зымыран ұшырғанын айыптап, Солтүстік Кореяға санкция салу туралы қарар қабылдаған еді.

Солтүстік Коеря ұшырған зымыранының әскери емес екенін білдірген. Бірақ АҚШ пен басқа да батыс елдері оның алыс қашықтыққа ядролық қару алып ұша алатын зымыран екенін мәлімдеген.  

БҰҰ Солтүстік Кореяның зымыран ұшырып, ядролық технологияларды дамытуына тыйым салған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!