АҚШ-та аяз күшіне мініп тұр

Фотография - АҚШ-та аяз күшіне мініп тұр

АҚШ-тың орталық өңірлерінде күн райы күрт суып, бірнеше күн бойы бұрын-соңды болмаған аяз тұр

133 0

АҚШ-тың орталық өңірлерінде күн райы күрт суып, бірнеше күн бойы бұрын-соңды болмаған аяз тұр.

Салдарынан 4 адам мерт болды. Елдің кейбір аймақтарында -10 °C болса, Иллинойс, Миннесота, Солтүстік Дакота, Висконсин мен Мичиган штаттарында сынап бағанасы -34-37 °C-ға түскен. Метеорологтар ең қатты аяз Канада мен Миннесота штатының қақ ортасында орналасқан Интернешнл-Фоллс қаласында байқалғанын айтады. Бұл жерде ауа температурасы -40 °C-ға дейін жеткен. Билік басшылары жергілікті тұрғындарды арнайы дайындалған жылы ғимараттарда қалып, көліктерімен алыс сапарға шықпауға шақырады. Сарышұнақ аяздан аймақта жол апаты да жиіледі. Огайо штатында 80-нен астам жол апаты тіркелді. Ауа райын болжаушылар, аймақта бұндай температура әлі бірнеше күн жалғасады деп болжайды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!