Ислам ұйымы палестиналықтарға қатысты АҚШ-тың міндеттемесін есіне салды

Фотография - Ислам ұйымы палестиналықтарға қатысты АҚШ-тың міндеттемесін есіне салды

Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Америка президентіне хат жолдап, палестиналықтарға қатысты АҚШ-тың міндеттемесін есіне салды

320 0

Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Америка президентіне хат жолдап, палестиналықтарға қатысты АҚШ-тың міндеттемесін есіне салды. Бұл жайында Middle East Monitor хабар таратты. Доктор Экмеледдин Ихсаноғлы (Ekmeleddin Ihsanoglu) палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы жанжалды бейбіт әрі әділ жолмен шешудің мүмкіндігін арттыру үшін осындай қадамға барғандарын мәлім еттті.

ИЫҰ штаб-пәтеріне келген АҚШ президентінің өкілі өз елінің осы ұйыммен ынтымақтастығын нығайтқысы келетінін және осы жылдың ақпан айында өтетін ИЫҰ-ның 12-ші саммитіне қатысу ниетінде барын жеткізді. ИЫҰ-ның 12-ші саммитінде Мали, Сирия, Палестина және Мьянмадағы дағдарысқа қатысты мәселелер қарастырылатынын естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Маңызды ынтымақтастық Ихсаноғлы өз хатында ИЫҰ-АҚШ ынтымақтастық аясындағы бағдарламаларды да ұмыт қалдырмады. Бағдарламаларда ана мен баланы қорғау, ИЫҰ елдеріндегі полиомиелитке қарсы күрес, гуманитарлық көмек мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар, америка үкіметін ұлттық кемсітуге қатты ұшырап, қуғын-сүргінде жүрген Мьянмадағы рохиньялық мұсылмандарға қолдау көрсетуге шақырды.

Бұған қоса, діни алауыздық пен араздыққа қарсы ИЫҰ мен АҚШ-тың ынтымақтасу қажеттілігіне тоқталған. Осыған байланысты стратегияны әзірлеудің алғашқы қадамы АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның бастамасымен Ыстамбұлда өткен бас қосуда жасалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!